locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мына кішкентай баланы осында әкеліңдер»: Царукян Олимпиада чемпионын жекпе-жекке шақырды

Ресей-армян жауынгері RAF чемпионы атағын қорғап, UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Генри Сехудомен кездесуге келісті
ММА
«Мына кішкентай баланы осында әкеліңдер»: Царукян Олимпиада чемпионын жекпе-жекке шақырды
@rafwrestlingusa

UFC-дегі ресейлік-армян жауынгері Арман Царукян (24-3) RAF 15 турнирінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Энтони Петтисті мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін еркін күрестен Олимпиада чемпионы Генри Сехудоны жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports24.kz MMA Fighting басылымына сілтеме жасап.

Real American Freestyle ұйымының турнирі 28 қарашада Чикаго маңында (АҚШ) өтті. Кештің қос басты жекпе-жегінің бірінде Царукян UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Энтони Петтиспен кездесті. Америкалықты жеңу үшін Арманға небәрі 45 секунд қажет болды. Ол аяқтан өту әдісін сәтті орындап, қарсыласын партерге түсірді де, жауырынын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетті және RAF-тың орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғап қалды.

Белдесу аяқтала салысымен ресейлік-армян жауынгері 2008 жылғы Олимпиада чемпионы әрі UFC-дің екі чемпиондық белбеуінің бұрынғы иегері Генри Сехудоға үн қатты. Сехудо да RAF 15 турнирінде өнер көрсетті.

«Бәрі тым тез болды. Көрермендерге бұдан да көбірек көрсеткім келген. Мына кішкентай баланы осында әкеліңдер, оған да дәл осылай істеймін», - деді Царукян жекпе-жектен кейінгі сұхбатында.

Ал Сехудо UFC-дегі қытайлық жауынгер Сон Ядунды 11:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, артынша Царукянның шақыруына жауап берді.

«Арман Царукян, қайдасың? Мен бала кезімнен күреспен айналысып келемін. Салмақ мәселесін келіссек, белдесейік. Жеңіс менікі болады», - деді америкалық.

Real American Freestyle ұйымының тең құрылтайшысы Чед Бронштейн MMA Fighting басылымына берген сұхбатында аралас жекпе-жектің қос жұлдызы арасындағы кездесу RAF 17 турнирінің басты оқиғасы болатынын растады. Жарыс 2027 жылғы 23 қаңтарда Шарлоттада (АҚШ) өтеді. Қазақстан уақыты бойынша турнир 24 қаңтарға қараған түні ұйымдастырылады.

Алдағы кездесуге спортшылардың салмақ дәрежелеріндегі айырмашылық ерекше қызығушылық тудырады. Царукян UFC-де жеңіл салмақта өнер көрсетсе, Сехудо бір кездері ұйымның ең жеңіл және жеңіл салмақ дәрежелерінде чемпион атанған. Алдағы белдесудің салмақ санаты әзірге нақтыланған жоқ.

Еске салайық, Генри Сехудо 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында еркін күрестен 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Кейін америкалық аралас жекпе-жекте табысты мансап құрып, UFC тарихында екі салмақта чемпиондық белбеу иеленген санаулы жауынгердің бірі атанды. Ал Арман Царукян UFC жеңіл дивизионының жетекші өкілдерінің бірі әрі RAF-тың орта салмақтағы қазіргі чемпионы.

Абылай Сеитов
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie