Негізгі кезеңге өте алмады: Тимофей Скатов Бостадтағы турнирде іріктеудің шешуші кезеңінде тоқтады
Қазақстандық теннисші ATP-250 санатындағы жарыста тәжірибелі итальяндық спортшыға жол берді
Теннис
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Швецияның Бостад қаласында өтіп жатқан ATP-250 санатындағы Nordea Open турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады.
Іріктеудің финалында 24 жастағы Скатов итальяндық Андреа Пеллегриноға екі сетте – 3:6, 2:6 есебімен есе жіберді.
Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды және итальяндық теннисшінің айқын басымдығымен өтті.
Швеция. Бастад, ATP – Іріктеу кезеңі, Грунт
Пеллегрино – Скатов – 6:3, 6:2
Қазіргі таңда Скатов ATP рейтингінде 253-орында тұр, ал Пеллегрино 139-орынды иеленген.
Аталған турнирдің қазіргі чемпионы – португалиялық Нуно Боржеш. Nordea Open жарысының 2025 жылғы жүлде қоры – 596 035 АҚШ долларын құрайды.
Сондай-ақ Зарина Дияс турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады.