locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Негізгі кезеңге бір қадам қалды: Құламбаева Гамбургтегі іріктеу финалында Тимофеевамен кездесуде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші WTA-250 турнирінің негізгі кезеңіне өту мүмкіндігін пайдалана алмады
Теннис
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Негізгі кезеңге бір қадам қалды: Құламбаева Гамбургтегі іріктеу финалында Тимофеевамен кездесуде жеңіліп қалды
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан WTA-250 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне шығуға бір қадам қалғанда сүрінді.

Іріктеу финалында 25 жастағы спортшы ресейлік Мария Тимофеевамен кездесіп, екі сетте жеңіліп қалды – 1:6, 2:6. Кездесу ұзақтығы 1 сағат 18 минутты құрады.

Германия. Гамбург, WTA – Іріктеу кезеңі

Тимофеева – Құламбаева – 6:1, 6:2

Қазіргі таңда Құламбаева WTA рейтингінде 300-орында тұр, ал оның қарсыласы Тимофеева 250-сатыда орналасқан.

MSC Hamburg Ladies Open турнирінің қазіргі чемпионкасы – Нидерланд өкілі Аранча Рус. 2025 жылғы жарыстың жалпы жүлде қоры - 275 094 АҚШ доллары.

Сондай-ақ Тимофей Скатов Бостадтағы турнирде іріктеудің шешуші кезеңінде тоқтады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie