Әмір Омарханов - Қазақстанның ересектер арасындағы теннис чемпионы
Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығында Қазақстанның ересектер арасындағы теннис чемпионатының финалдық кездесуілері аяқталды.
Ерлер арасындағы финалда Қарағандының 17 жастағы теннисшісі Әмір Омарханов пен Теміртаудан келген Григорий Ломакин кездесті.
Кездесу көрермендердің күткеніндей тең дәрежеде өтпеді, себебі Омарханов алғашқы сәттен бастап ойынды өз қолына алды. Бірінші сетте ол қарсыласын 6:1 есебімен сенімді жеңді.
Екінші сетте ойын іс жүзінде жалғасқан жоқ, өйткені Ломакин арқа бұлшықеттерінің жарақатына байланысты матчтан шығуға мәжбүр болды. Бұл жас теннисшіге жеңісін ертерек тойлауға мүмкіндік берді, әрі ол алғаш рет Қазақстан чемпионатының ересектер арасындағы алтын медалін жеңіп алды.
Қазақстан чемпионаты. Финал
Омарханов – Ломакин – 6:1 (жарақат салдарынан аяқталды)
Қола медаль Ислам Орынбасарға бұйырды. Үшінші орын үшін өтетін матчта Тимур Мәуленов жарақат алып, алаңға шыға алмады.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші элиталық турнирдің жартылай финалында.