Қазақстандық теннисші элиталық турнирдің жартылай финалында
Зарина Диас португалиялық қарсыласын сенімді түрде жеңіп, ITF W100 сериясындағы беделді турнирде жартылай финалда
Теннис
Темірбеков Самрат
Журналист
ФОТО: Instagram: zarinadiyas
Зарина Диас Португалияда өтіп жатқан W100 теннис турнирінің жартылай финалына шықты. Ширек финалда қазақстандық спортшы алаң иесі Франциска Жоржеге еш мүмкіндік қалдырған жоқ.
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Португалияда өтіп жатқан ITF W100 сериясындағы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетуде. 1/4 финалдық кездесуде ол жергілікті теннисші Франциска Жоржені екі сетте — 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңді.
Зарина Дияс -Франциску Жорже - 6:3, 6:1.
Осылайша, Зарина 100 мың АҚШ доллары жүлде қоры бар беделді турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Келесі айналымда оны осал емес қарсылас күтіп тұр — ол қалған матчтардың нәтижесі бойынша анықталады.