Михаил Кукушкин Брисбен турнирін Якуб Меншикке қарсы матчпен бастайды
Теннис
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин ATP турнирінің негізгі торының бірінші айналымында чехиялық Якуб Меншикпен кездеседі. Турнир Австралияның Брисбен қаласында өтуде.
Матч 31 желтоқсан, сейсенбі күні, Астана уақыты бойынша шамамен таңғы 6:00-де басталады.
Қазіргі уақытта 37 жастағы Кукушкин әлемдік рейтингте 113-орында тұр, ал 19 жастағы Меншик 48-орынға жайғасқан.
27 желтоқсан күні ATP ұйымы 2024 жылғы теннисшілердің табыстары туралы мәліметтер жариялады. Өткен маусымда Михаил Кукушкин 326 420 доллар табыс тапқан. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстанда ол тек әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігіне кіретін Александр Бублик пен Александр Шевченкодан кейінгі орында.
Зарина Дияс жаңартылған WTA рейтингінде бір саты жоғарылады.