Құламбаеваға қос соққы: Қазақстандық теннисші Гамбургтегі турнирдің екі санатынан да шығып қалды
WTA 250 турнирінде Жібек Құламбаева жұптық және жекелей сындарда жеңіліп, жарысты аяқтады
Теннис
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті.
Ол британдық Майя Люмсденмен жұптасып, алғашқы айналымда австриялық Юлия Грабер мен Зина Краусқа есе жіберді. Кездесу екі сетте аяқталды - 3:6, 3:6.
Германия. Гамбург, WTA, Жұптық сын, Топырақ жабынды – 1/8 финал
Грабер/Краус – Құламбаева/Люмсден - 6:3, 6:3
Сол күні, 14 шілдеде, Құламбаева жекелей сынның іріктеу кезеңіндегі финалдық матчына шықты. Алайда негізгі кезеңге өте алмай, ресейлік теннисші Мария Тимофеевадан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Гамбургтегі турнирдің қорытындысы 20 шілдеде белгілі болады.