locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Кім қаламайды дейсіз?» — Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігі туралы

Бұл үшін қазақстандық теннисші турнирдің жартылай финалына шығуы қажет
ФОТО: Getty Images

Елена Рыбакина Наоми Осаканы 6:1, 6:4 есебімен сенімді жеңіп, US Open-2026 турнирінің ширек финалына шыққаннан кейін журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық теннисші турнирдің екі дүркін чемпионын небәрі 1 сағат 6 минутта жеңді. Екінші сетте есеп 3:3 болған кезде Елена маңызды брейк жасап, матчтан кейін баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Рыбакина турнир қорытындысы бойынша WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Ол үшін қазақстандық теннисші жартылай финалға шығуы керек.

«Әрине, мен мұны қалаймын. Кім қаламайды дейсіз? Иә, бұл менің мақсаттарымның бірі. Келесі матчқа да дәл осылай дайындалып, барымды салуға және соңына дейін күресуге тырысамын. Не болатынын көре жатармыз. Егер бүгінгідей жақсы доп берсем, менің мүмкіндігім өте жоғары», — деді қазақстандық теннисші.

АҚШ ашық чемпионатының ширек финалында Елена Рыбакина Ига Швентекті турнирден шығарған Чжэн Циньвэньмен кездеседі. Екі теннисшінің өзара кездесулерінде Рыбакина 4:1 есебімен алда.

Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін

Елена Рыбакина US Open-2026 қорытындысы бойынша мансабында алғаш рет WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілу мүмкіндігін сақтап отыр.

Турнир басталар алдында Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингтегі жағдайға қатысты есеп-қисабын жариялады. Оған сәйкес, қазақстандық теннисші басқа қатысушылардың нәтижесіне қарамастан, бірінші орынға көтерілу үшін жартылай финалға шығуы жеткілікті.

Сонымен қатар ширек финалда жеңілген жағдайда да Рыбакинаның бірінші орынға шығу мүмкіндігі сақталады. Бұл жағдайда оған тек үш теннисшінің бірі — қазіргі әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко немесе америкалықтар Джессика Пегула мен Коко Гауффтың бірінің US Open турнирінде жеңіске жетуі кедергі келтіруі мүмкін. Үшеуі де ширек финалға шықты.

Егер Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілсе, ол Қазақстан тарихында әлемдік теннис рейтингінің көшін бастаған алғашқы өкіл атанады.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie