Каспер Рууд Мадридте өткен ATP 1000 турнирінде жеңіске жетті
Норвегиялық теннисші Каспер Рууд Мадридте өткен ATP 1000 турнирінде жеңіске жетіп, өзінің мансабындағы ең ірі жетістікке қол жеткізді. Бұл - оның алғашқы Masters санатындағы титулы.
Финалда 25 жастағы Рууд әлемнің алтыншы ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Джек Дрейперді үш сетте 7:5, 3:6, 6:4 есебімен ұтты. Тартысты матч 2 сағат 28 минутқа созылды. Норвегиялық спортшы 9 эйс жасап, 7 қос қателікке жол берді және 10 мүмкіндіктің үшеуін брейкке айналдырды. Дрейпер 6 эйс, 3 қос қателік және 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
ATP 1000 Мадрид. Топырақ. Финал
Каспер Рууд (Норвегия) - Джек Дрейпер (Ұлыбритания) – 7:5, 3:6, 6:4
Бұл Каспер Руудтың мансабындағы 13-ші ATP титулы және алғашқы Masters жеңісі. Сонымен қатар, ол 2020 жылдан бері топырақта ең көп жеңіске жеткен теннисші атанды - бүгінде оның еншісінде 125 жеңіс бар.
Мадрид турнирінде Қазақстан атынан Александр Бублик те бақ сынады. Өкінішке қарай, ол жарысты 1/8 финалда аяқтады. Бұл кезеңде Бублик әлемнің 23-ракеткасы, чехиялық Якоб Меншикке жол берді.