Александр Бублик Мадридтегі «Мастерс» турнирінің ширек финалына өте алмады
Теннис
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан беделді ATP 1000 сериялы турнирінің ширек финалына өте алмады.
1/8 финалдағы кездесуде Бублик 19 жастағы чехиялық теннисші Якуб Меншиктен (ATP №23) ұтылып қалды. Матч небәрі 56 минутқа созылып, чехиялық спортшының екі сеттегі айқын жеңісімен аяқталды.
ATP 1000. Мадрид. 1/8 финал
Якуб Меншик (Чехия) — Александр Бублик (Қазақстан) — 6:3, 6:2
Александр Бублик бұл турнирде сәтті бастады: алдымен америкалық Алекс Микельсенді жеңді, содан кейін сенсация жасап, былтырғы чемпион Андрей Рублевті жарыстан шығарды.
Келесі кезеңде Якуб Меншик Александр Зверев пен Франсиско Серундоло арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.