locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Михаил Кукушкин АТР 1000 Индиан - Уэлс турнирінің негізгі жарысына бір табан жақын тұр

ФОТО: Instagram

Михаил Кукушкин Индиан-Уэллсте өтіп жатқан ATP 1000 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты.

Ол жартылай финалда француз Тео Папамаламисті қиын матчта 6:4, 6:7, 7:5 есебімен жеңіп, шешуші сетте басым түсті. Қазақстандық теннисші кортта екі жарым сағаттан астам уақыт өткізіп, жеңісті өз пайдасына жазды.

Бірінші сетте Кукушкин сенімді ойнап, брейк жасап, басымдықты сақтап қалды. Екінші партияда қарсыластар тең деңгейде өнер көрсетіп, тай-брейкте француз ойыншысы мықтырақ болды. Алайда үшінші сетте Кукушкин соңына дейін күресіп, ең маңызды брейкті сеттің соңында жасады.

Енді 37 жастағы қазақстандық теннисші негізгі жарысқа жолдама алу үшін итальяндық Джулио Зеппиеримен кездеседі. Бұл матч іріктеу кезеңіндегі шешуші ойын болмақ, жеңімпаз турнирдің негізгі кезеңінде әлемнің мықты теннисшілерімен бақ сынайды.

Әлемдік рейтингте ең жоғары 39-орынға дейін көтерілген Кукушкин Индиан-Уэллсте соңғы рет 2019 жылы негізгі сеткада ойнаған. Ол осы жолы да жарыстың негізгі бөлігіне өтіп, жоғары нәтиже көрсетуге үміттенеді.

Алдын біз, Рафаэль Надаль феминизм туралы пікірімен бөліскенін хабарлаған едік

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie