ФОТО: Соболенко US Open финалынан кейін Рыбакинаға үндеу жолдады
Арина Соболенко US Open-2026 турнирінің финалында жеңілгеннен кейін Елена Рыбакинаға үндеу жолдады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Беларусь теннисшісі Қазақстан өкілін беделді трофейді жеңіп алуымен құттықтады.
«Бұл мен армандаған финал емес… Бүгін ауыр тиіп тұр, бірақ ертең бәрін қайта бастаймыз.
Еленаны керемет турнир өткізіп, кеше кешке тамаша өнер көрсеткенімен құттықтаймын. Бұл – керемет теннис.
Нью-Йорк, махаббатың, энергияң және қайталанбас атмосфераң үшін рақмет. Мұнда ойнау әрдайым ерекше. Келесі жылы кездескенше, жаңа жеңістерді асыға күтемін…», – деп жазды Арина өзінің Instagram парақшасында.
Еске салайық, АҚШ ашық чемпионатының финалында Рыбакина Соболенконы үш сетте – 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Елена үшін бұл US Open-дегі алғашқы және «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титул болды.
US Open-2026 турнирінде Елена финалға дейін Тея Фродин, Джессика Бусас Манейро, Юлия Стародубцева, Наоми Осака, Чжэн Циньвэнь және Коко Гауффты жарыстан шығарды.
Сонымен қатар, Рыбакина Соболенконы WTA рейтингінің бірінші сатысынан ығыстырды.