Финал жақын ба? Данилина Кливлендте тағы бір табысқа жақын
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Кливлендте өтіп жатқан WTA 250 турнирінде жанкүйерлерін жарқын ойынымен қуантып жүр.
Сербиялық спортшы Александра Круничпен жұптасып өнер көрсеткен ол жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда Данилина мен Крунич америкалық Кармен және Ивана Корли есімді апалы-сіңлілі спортшыларды қиын кездесуде тізе бүктірді. Қарсыласу аса тартысты өтті, матч нәтижесі – 6:4, 6:7 (2), 10:8 қазақстандық- сербиялық дуэттің пайдасына шешілді.
АҚШ, Кливленд. WTA. Жұптық сын. Хард – ¼ финал
Данилина/Крунич – Корли К / Корли И – 6:4, 6:7, 10:8
Енді жартылай финалда олардың қарсыластары чехиялық теннисшілер Анастасия Детиюк пен Мириам Скох болмақ.
Сондай-ақ Қазақстандық теннисші US Open іріктеуінің жартылай финалында тоқтады.