Қазақстандық теннисші US Open іріктеуінің жартылай финалында тоқтады
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (ATP №192) US Open–2025 турнирінің іріктеу кезеңіндегі жорығын аяқтады. Ол шешуші сынға бір қадам қалғанда – жартылай финалда тоқтап, америкалық Закари Свайдаға жол берді.
US Open–2025, іріктеу кезеңі, 1/2 финал
Бейбіт Жұқаев (Қазақстан) – Закари Свайда (АҚШ) – 3:6, 5:7
Жұқаев турнирді сенімді бастады. Әсіресе, ширек финалда британдық Джек Пиннингтон Джонспен өткен тартысты үш сеттен тұратын матч жанкүйерлердің жадында қалды. Алғашқы сетте жеңіліп қалғанына қарамастан (3:6), қазақстандық спортшы табандылық танытып, екінші партияны тай-брейкте (8:6) өз пайдасына шешті. Үшінші сетте Жұқаевтың мықты мінезі жеңіске жеткізді.
Алайда жартылай финалда сәттілік сырт айналды. Барын салып ойнағанымен, Бейбіт шешуші кезеңге өте алмады.
Айта кетейік, негізгі жарыс – US Open–2025 – 24 тамызда басталып, 9 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан атынан басты кезеңде Елена Рыбакина, Александр Бублик, Юлия Путинцева және Александр Шевченко бақ сынайды.