Финал – титулсыз, бірақ қомақты сыйақымен: Данилина қанша табыс тапты?


Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Диана Шнайдермен жұп болып Лондонда өткен беделді Queen’s Club Championships турнирінде жеңімпаз атана алмады.
Финалда Данилина мен Шнайдер америкалық Эйжа Мұхаммад пен нидерландтық Деми Схюрс дуэтіне жол беріп, жарысты екінші орынмен аяқтады. Бұл жұп турнир чемпионы атанды.
Жеңіліске қарамастан, финалға шығу - Анна үшін үлкен жетістік. Финалистердің әрқайсысы 43 860 АҚШ доллары көлемінде жүлде ұтып, WTA рейтингінде 325 ұпай жинады. Ал жеңімпаздар 72 180 доллар мен 500 рейтингтік ұпай иеленді.
Айта кетейік, Анна Данилина қазіргі таңда Қазақстанның жұптық разрядтағы бірінші ракеткасы болып табылады. Лондонда көрсеткен нәтижесінің арқасында ол WTA рейтингінде тоғызыншы орынға көтеріліп, бұл - оның кәсіби мансабындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.