locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Анна Данилина тағы да финалда: қазақстандық теннисші Лондондағы турнирде чемпиондыққа бір қадам жетпей қалды

Теннис 15 мау 2025 12:44
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Анна Данилина тағы да финалда: қазақстандық теннисші Лондондағы турнирде чемпиондыққа бір қадам жетпей қалды
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ірі турнирлерде тұрақты нәтиже көрсетіп, жанкүйерлерін қуантып келеді.

Бұл жолы ол ресейлік Диана Шнайдермен жұптасып, Ұлыбритания астанасында өткен беделді Queen’s Club Championships турнирінің финалына дейін жетті.

Шешуші ойында Данилина мен Шнайдер америкалық Эйжа Мухаммад пен нидерландтық Деми Схюрс дуэтіне қарсы шықты. Қызықты әрі тартысты өткен матчта қазақстандық-ресейлік жұп үш сет қорытындысы бойынша жеңіліс тапты – 5:7, 7:6, 4:10.

Ұлыбритания: Лондон, WTA, жұптық сайыс

Мұхаммад/Схюрс – Данилина/Шнайдер – 5:7, 7:6, 4:10

Айта кетейік, бұл Данилина үшін қатарынан екінші ірі финал болды. Бұған дейін ол сербиялық Александра Круничпен бірге «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шығып, италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге есе жіберген болатын – 4:6, 6:2, 1:6.

Анна Данилина қазіргі таңда Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық разрядтағы бірінші ракеткасы болып саналады. WTA рейтингінде ол жұптық ойыншылар арасында әлем бойынша тоғызыншы орында тұр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie