«Еш қиындықсыз»: WTA Рыбакинаның US Open турнирінің үшінші айналымына шыққанын атап өтті
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинаның US Open-2026 турнирінің екінші айналымында испаниялық Джессика Боуас Манейроны жеңуіне қатысты пікір білдірді.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші 105-ракетка Джессика Боуас Манейроны екі сетте 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
«Сенімді әрі еш қиындықсыз. Елена Рыбакина Боуас Манейроны 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, үшінші айналымға өтті», – делінген WTA-ның Instagram-дағы жарияланымында.
US Open-2026 турнирінің бірінші айналымында да Рыбакина екі сетте жеңіске жетіп, америкалық Тея Фродинді 6:3, 6:2 есебімен ұтқан болатын.
Турнирдің үшінші айналымында Қазақстан өкілі WTA рейтингінде 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцеваға қарсы ойнайды.
Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атана ала ма?
US Open қорытындысы бойынша Елена Рыбакинаның мансабында алғаш рет жекелей сында әлемдік рейтингтің бірінші орнына көтерілуге және Арина Соболенконы басып озуға мүмкіндігі бар.
Ол үшін қазақстандық теннисші турнирдің жартылай финалына шығуы қажет. Сондай-ақ Рыбакина Соболенко, америкалық Коко Гауфф немесе Джессика Пегула US Open турнирінде жеңіске жетпеген жағдайда да әлемнің бірінші ракеткасы атана алады.
Осылайша Рыбакина турнирде бірде-бір матч өткізбестен-ақ әлемдік рейтингті басқаруы мүмкін деген сценарий бар.