locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакинаның мерейтойы: Қазақстандық теннисші WTA турнирлерінде 50-ші рет ширек финалға шықты

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Елена Рыбакинаның мерейтойы: Қазақстандық теннисші WTA турнирлерінде 50-ші рет ширек финалға шықты
ФОТО: WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына сенімді жолдама алды. Ол қытайлық Ван Синьюйді 2:0 есебімен жеңіп, матчты 1 сағат 16 минутта аяқтады.

Бұл ширек финал - Елена Рыбакина мансабындағы WTA турнирлеріндегі мерейлі 50-ші жетістік болып тіркелді. 25 жастағы Қазақстанның бірінші ракеткасы үшін бұл – әлемдік турда өз тұрақтылығын дәлелдеген маңызды көрсеткіш.

Страсбургтегі табысты ойын Рыбакинаға рейтингтегі көрсеткішін де жақсартуға мүмкіндік бермек. Аптаны WTA рейтингінің 12-сатысында бастаған теннисші енді жаңартылған тізімде 11-орынға көтерілуі тиіс. Бұл рейтинг «Ролан Гаррос» турнирі қарсаңында жарияланады.

Келесі айналымда Елена тәжірибелі польшалық спортшы, қазіргі таңда рейтингте 33-орында тұрған Магда Линеттпен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie