Рыбакина Франциядағы беделді турнирді сенімді жеңіспен бастады
Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орында) Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан турнирде сәтті бастады.
Турнирдің екінші кезеңінде Рыбакина Қытай өкілі Ван Синьюйді (WTA рейтингінде 42-орында) екі сетте жеңіп, 2:0 есебімен басым түсті. Бірінші сетте Елена 6:1 есебімен жеңсе, екінші сетте 6:3 нәтижесі тіркелді.
Страсбург. 1/8 финал
Ван Синьюй (Қытай) – Елена Рыбакина – 0:2 (1:6, 3:6)
Ширек финалда Рыбакинаға Польшаның теннисшісі Магда Линетт (33-орын) қарсылас болады. Ол Словакия өкілі Ребекка Шрамкованы жеңіп шыққан.
Страсбургтегі турнир 24 мамырға дейін жалғасады.
Жалпы жүлде қоры — 925 661 еуро. Чемпион атанған спортшы 142 610 еуро мен WTA рейтингінде 500 ұпай алады.
Қазіргі чемпион — АҚШ теннисшісі Мэдисон Киз.