locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирі қарсаңында ерекше келбетімен көпшілікті тәнті етті

Елена Рыбакина қорытынды турнир алдында ерекше образымен жанкүйерлерді тәнті етті
Теннис
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирі қарсаңында ерекше келбетімен көпшілікті тәнті етті
ФОТО:WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA қорытынды турнирі қарсаңында жаңа қырынан көрінді. Жарысты ұйымдастырушылар маусымның үздік сегіз теннисшісі қатысқан ресми фотосессияның суреттерін жариялады. Былтырғы турнирдің жеңімпазы бұл жолы спорттық киімін сәнді образға алмастырып, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Фотосессия үшін Рыбакина Dior сән үйінің қара түсті, жылтыр өрнектермен және шашақтармен көмкерілген жакетін таңдаған. Оны көгілдір джинсы шалбармен, күміс түсті әшекейлермен және қолсағатпен үйлестірді. Жеңіл макияжы мен еркін жіберілген шашы теннисшінің келбетіне ерекше жарасым бергендей.

ФОТО:WTA

Желіде тараған суреттерде қазақстандық спортшы жеке де, әлемдік теннистің өзге жұлдыздарымен бірге де бой көрсетеді. Атап айтқанда, ол америкалық Кори Гауфф, украиналық Элина Свитолина және чехиялық Каролина Муховамен бірге суретке түскен.

Биыл Әйелдер теннис қауымдастығы дәстүрлі фотосессияның форматын өзгертуді жөн көрду. Бұрынғыдай барлық қатысушыны бір кадрға жинаудың орнына, әр теннисшінің өзіндік болмысы мен стилін көрсетуге басымдық берілген. Спортшылардың киім үлгісін таңдауға стилист Дэниел Браун атсалысты. Ал түсірілім Индиан-Уэллстегі теннис кешенінің аумағында ұйымдастырылды

ФОТО:WTA

Сән әлеміне тән ерекше фотосессиядан кейін Рыбакинаны корттағы маңызды сын күтіп тұр. Қазақстандық теннисші маусымның соңғы додасына әлемнің бірінші ракеткасы әрі былтырғы чемпион ретінде қатысады.

Жеребе қорытындысы бойынша Елена топтық кезеңде америкалық Кори Гауфф және Джессика Пегуламен, сондай-ақ чехиялық Линда Носковамен кездеседі.

Рыбакина алғашқы ойынын Носковаға қарсы өткізеді. Кездесу 9 қараша күні Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады. Ал WTA қорытынды турнирі 8–15 қараша аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 10 миллион долларды құрайды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie