Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісі үшін қанша табыс тапты
Елена Рыбакина US Open турнирін алғаш рет жеңіп қана қоймай, америкалық мэйджордың басты жүлдесі үшін қомақты сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Турнирдегі жеңісі үшін қазақстандық теннисшіге 5,5 миллион доллар беріледі. Бұл шамамен 2,48 миллиард теңге. Доллардың ресми бағамы 450,91 теңгені құрады.
Финалда Елена әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездесіп, оны үш сетте - 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.
Алғашқы партияны Рыбакина 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші сетте Соболенко 7:5 есебімен жауап қайтарды. Алайда шешуші партияда Елена қарсыласына небәрі екі гейм беріп, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл жеңіс Рыбакинаға алғашқы US Open титулын және мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» трофейін әкелді. Бұған дейін ол Уимблдон-2022 және Australian Open-2026 турнирлерінде топ жарған.
Нью-Йорктегі чемпиондық жолында Рыбакина Тея Фродин, Джессика Бусас Манейро, Юлия Стародубцева, Наоми Осака, Чжэн Циньвэнь және Коко Гауффты да жарыстан шығарды.
Енді Еленаның коллекциясында төрт мэйджордың үшеуінің титулы бар. Мансаптық Grand Slam үшін оған тек «Ролан Гарроста» жеңіске жету жетіспейді.
Сонымен қатар US Open аяқталғаннан кейін Рыбакина алғаш рет WTA рейтингінің көшіне шығып, жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы атанған Қазақстанның алғашқы өкілі болады.