Елена Рыбакина соңғы жылдардағы ең көп жеңіске жеткен 3 теннисшінің қатарына енді
Қазіргі таңда әлемнің 7-ракеткасы болып тұрған Елена Рыбакина үздік теннисшілер қатарында өз орнын нығайта түсуде. Ол 2020 жылдан бері ең көп жеңіске жеткен үш теннисшінің қатарына кірді, тек Ига Швёнтек пен Арина Соболенкоға жол беріп отыр.
2020 жылдан бері ең көп жеңіске жеткен теннисшілер:
1. Ига Швёнтек (Польша) – 267
2. Арина Соболенко (Беларусь) – 231
3. Елена Рыбакина (Қазақстан) – 207
4. Джессика Пегула (АҚШ) – 200
5. Коко Гауфф (АҚШ) – 197
Швёнтек пен Соболенко жалпы жеңістер саны бойынша алда тұрғанымен, Рыбакинаның басты жетістігі – 2022 жылғы Уимблдонда топ жаруы. Бұл Қазақстан теннисі үшін тарихи жеңіс болды, өйткені Елена елге “Үлкен дулыға” турниріндегі алғашқы титулды әкелді.
Қазіргі Әлемнің 7-ракеткасы WTA-1000 Индиан-Уэллс турнирінде өнер көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды. Соңғы матчында Кэти Боултерді екі сетте сенімді түрде жеңді.