Рыбакина Индиан-Уэллстің 1/8 финалына шықты, келесі қарсыласы - Дубайдағы WTA 1000 турнирінің финалисі
Бүгін, 10 наурызда, Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің келесі кезеңіне жолдама алды. Жарыс хард жабындысында өтуде.
1/16 финалда Рыбакина Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездесті. 1 сағат 17 минутқа созылған матчта Елена еш қиындықсыз жеңіске жетті.
WTA 1000. Индиан-Уэллс. Хард. 1/16 финал. 9 наурыз
Елена Рыбакина (Қазақстан) – Кэти Бултер (Ұлыбритания) – 6:0, 7:5
Қазақстандық теннисші матч барысында 64 ұпай еншілеп, бірде-бір қос қате жіберген жоқ. Бірінші сетте Елена қарсыласына мүмкіндік бермей, 6:0 есебімен басым түсті. Екінші сетте Бултер қарсылық көрсетуге тырысқанымен, Рыбакина өз артықшылығын сақтап, 7:5 есебімен матчты жеңіспен аяқтады.
Енді 1/8 финалда Рыбакина Тайсон - Андреева жұбының жеңімпазымен кездеседі. Алдыңғы WTA 1000 турнирінде (Дубай) Рыбакина 17 жастағы Андреевамен жартылай финалда ойнап, жеңіліп қалған болатын. Кейін финалда Андреева Тайсонмен кездесіп, турнир жеңімпазы атанды.