locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина маусымаралық дайындық кезінде жетілдірген ойын элементі туралы айтты

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Елена Рыбакина маусымаралық дайындық кезінде жетілдірген ойын элементі туралы айтты
ФОТО: Getty images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина маусымаралық дайындық кезінде жетілдірген ойын элементтерінің бірі туралы айтып берді.

“Кортта мен бәрін дерлік істей аламын. Бірақ кейбір соққыларды сирек қолданамын — мысалы, қорғаныс кезінде орындалатын кесілген бэкхенд. Бұл бағытта көп жаттығу жасадым. Бұл соққыны матчтарымда жиі қолданатыным анық,” — деп бөлісті Рыбакина.

Еске салайық, Елена жаңа маусымды United Cup турнирінен бастады. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке жетіп, жартылай финалға шыққан болатын. Алда Рыбакинаны Аустралияның Ашық чемпионатындағы ойындар күтіп тұр.

Елена Рыбакина Горан Иванишевичпен жұмысы туралы айтты: "Қазірдің өзінде жұмысымыз сәтті жүріп жатыр".

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie