Елена Рыбакина Горан Иванишевичпен жұмысы туралы айтты: \"Қазірдің өзінде жұмысымыз сәтті жүріп жатыр\"
Теннис
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жаңа жаттықтырушысы Горан Иванишевичпен жұмысы туралы пікір білдірді.
“Біз Горанмен бірге United Cup турниріне қатыстық, бәрі сәтті өтті. Қазір бір-бірімізге үйренісіп жатырмыз. Болашақта не болатынын көреміз, бірақ қазірдің өзінде жұмысымыз сәтті жүріп жатыр”,-деді Рыбакина.
Еске салайық, қараша айында Елена Горан Иванишевичпен бірге жұмыс жасайтынын мәлімдеген еді, алайда қаңтарда Елена экс-бапкері Стефано Вуковты командаға қайтару туралы шешім қабылдады. Келесі аптада Рыбакина Аустралияның Мельбурн қаласында өтетін Australian Open турниріне қатысады.