locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина құлдырауға қарсы: қазақстандық теннисшілердің рейтингі қалай өзгерді?

Рыбакина үздік ондықта қалды, Путинцева төмендеді, Данилина ондықтан шығып кетті
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Елена Рыбакина құлдырауға қарсы: қазақстандық теннисшілердің рейтингі қалай өзгерді?
ФОТО: Getty images

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) US Open-2025 турнирінен кейін жаңартылған рейтингті жариялады. Нью-Йорктегі жарыс чемпионды анықтап қана қоймай, әлемдік теннистегі жағдайға да елеулі әсер етті.

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко өз мәртебесін тағы да дәлелдеп, титулға қол жеткізді. Екінші орында – Ига Швентек, үздік үштікті АҚШ өкілі Кори Гауфф түйіндеді.

Қазақстандық теннистің көшбасшысы Елена Рыбакина үздік ондықтағы орнын сақтап қалды. US Open жарысында ол төртінші кезеңге дейін жеткенімен, чехиялық Маркета Вондроушоваға сенсациялық түрде жол берді. Соған қарамастан, Елена әлемдік рейтингте 10-орынды ұстап тұр.

Юлия Путинцева бес сатыға төмендеп, 60-орынға түсіп қалды.

Жұптық сында да өзгерістер байқалды. Анна Данилина үздік ондықтан шығып, қазір 12-сатыда. Путинцева 106-орынға сырғыса, Жібек Құланбаева керісінше екі саты көтеріліп, 128-орынға тұрақтады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie