Рыбакина сенсациялық түрде Чехия теннисшісіне есе жіберді
Әлемдік рейтингтің 10-орнында тұрған Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы жолын 1/8 финалда аяқтады.
Қазақстандық жұлдыз айқын фаворит саналған матчта чехиялық Маркета Вондроушоваға (WTA рейтингінде №60) сенсациялық түрде есе жіберді. Кездесу үш сетке созылып, 6:4, 5:7, 6:2 есебімен аяқталды. Ойын уақыты – 1 сағат 51 минут.
Осылайша, Рыбакина алғаш рет US Open жарысының ширек финалына шыға алмады. Дегенмен төртінші кезеңге жетуі – оның Нью-Йорктегі басты жетістігі болып отыр.
АҚШ. US Open. WTA. Хард – 1/8 финал
Рыбакина – Вондроушова – 4:6, 7:5, 2:6
Қазақстандық спортшы америкалық Джульетта Пареханы (6:3, 6:0), чехиялық Тереза Валентованы (6:3, 7:6) және 2021 жылғы US Open чемпионы Эмма Радукануды (6:1, 6:2) жеңген болатын.
Енді Вондроушова ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы сынға түседі.