Елена Рыбакина - Боузас Манейро. Онлайн көру. LIVE-көрсетілім
Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі екінші кездесуін өткізеді. 4 қыркүйекке қараған түні қазақстандық теннисші испаниялық Джессика Боузас Манейромен кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рыбакина бұл матчқа әлемнің екінші ракеткасы әрі турнирдің басты фавориттерінің бірі ретінде шығады. Алғашқы айналымда қазақстандық 17 жастағы америкалық Теа Фродинді аса қиындықсыз жеңді. Елена екі сетте 6:3, 6:2 есебімен басым түсіп, екінші кезеңге сенімді өтті.
Енді оның келесі қарсыласы - Джессика Боузас Манейро. Бұл жұптың жеңімпазы АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алады.
Биылғы турнирде Рыбакина екінші нөмірмен себілген. Оның US Open-дегі ең үздік нәтижесі - 1/8 финалға шығу. 2026 жылғы әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисші 5,5 миллион доллар сыйақы және 2000 рейтингтік ұпай алады.
Матч Қазақстан уақытымен 06:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы осы сілтеме арқылы қолжетімді.