«Его жұлдызды күндері артта қалды» – Кафельников Медведевтің мансабындағы құлдырау туралы айтты
Олимпиада чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Евгений Кафельников ресейлік теннисші Даниил Медведевтің қазіргі нәтижелері мен болашағы туралы пікір білдірді.
Кафельниковтың айтуынша, Ресейдің бірінші ракеткасының өмірлік басымдықтары өзгеріп кеткен.
«Меніңше, оның өмірінде басымдықтар ауысты. Қазір теннис ол үшін басты орынға шықпай қалғандай. Сондықтан оның көрсеткіштерін түсіндіру маған қиын. Нәтиже өзі үшін сөйлейді. Ол отбасына, балаларға көбірек мән беріп жүрген сияқты. Қысқасы, қазір теннис – оның өміріндегі басты нәрсе емес. Бұл – менің жеке пікірім. Мүмкін, екінші қыздың дүниеге келуі әсер еткен шығар. Бәрі өзіне байланысты: қаласа – қайта оралады, қаламаса – жоқ. Бірақ менің ойымша, оның жұлдызды сәттері артта қалды. Егер бәрін түбегейлі өзгертсе ғана бұрынғы деңгейге оралуы мүмкін. Егер ештеңені өзгертпесе, бұрынғы биікке қайта шықпайды», – деді Кафельников «Чемпионат» басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, қазіргі таңда Даниил Медведев ATP рейтингінде 11-орынға орналасқан.
Симона Халеп қоштасу матчын қайда өткізетіні белгілі болды.