locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Абдулрашид Садулаев Астанаға келді

Ресейлік балуан 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтетін күрес бойынша әлем чемпионатына қатысады
Эксклюзивтер
Видео: Абдулрашид Садулаев Астанаға келді
ФОТО: championat.com

Әлемдік еркін күрестің аңызы, екі дүркін Олимпиада чемпионы әрі алты дүркін әлем чемпионы, ресейлік еркін күрес шебері Абдулрашид Садулаев әлем чемпионатына қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ресейдің еркін күрес құрамасы өкілдері мінген ұшақ Қазақстан уақытымен 17:30-да елорданың әуежайына қонды. Спортшының өзі сұхбат беруден бас тартты, алайда турнир аяқталған соң барлық сұраққа жауап беретінін айтты.

Айта кетейік, ресейлік балуан 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирдің басты фавориттерінің бірі саналады. Бұл салмақта Қазақстан намысын Ризабек Айтмұхан қорғайды.

Әлем чемпионаты Астанада өтеді

Спорттық күрестен маусымның басты турнирі 24 қазан мен 1 қараша аралығында «Барыс Аренада» өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, жарысқа 100-ге жуық елден шамамен 900 спортшы қатысады.

Бұған дейін 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазақстандық еркін күрес шебері Ислам Байрамуков Ризабектің Абдулрашид Садулаевқа қарсы ықтимал белдесуіне қатысты болжамын айтты.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie