locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Данилина Испаниядағы WTA челленджерінде жұптық жарысты жеңіспен бастады

Данилина Испаниядағы WTA челленджерінде жұптық жарысты жеңіспен бастады
ФОТО: Getty Images. Ирина Хромачева и Анна Данилина

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Испанияның Вик қаласында өтіп жатқан топырақ жабындысындағы WTA челленджерінде жұптық сында жарысты жеңіспен бастады.

1/4 финал кезеңінде Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жапониялық Сюко Аояма және америкалық Сабрина Сантамария дуэтіне қарсы шығып, 1 сағат 19 минутқа созылған матчта екі сетте жеңіске жетті.

WTA Challenger. Топырақ. Жұптық сын. 1/4 финал

Анна Данилина (Қазақстан) / Ирина Хромачева (Ресей) - Сюко Аояма (Жапония) / Сабрина Сантамария (АҚШ) - 6:3, 6:4

Анна Данилина мен Ирина Хромачева Вик қаласындағы турнирдің басты фавориттері саналады. Олар турнирге бірінші нөмірмен тіркелген.

30 сәуірде Қазақстан теннисшісі Денис Евсеев (ATP №258) Португалияның Эшторил қаласында өтіп жатқан топырақ жабындысындағы ATP челленджер турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie