locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Евсеев Португалиядағы ATP челленджерін жеңіспен бастады

Теннис
Бакберген Тынымов
Бакберген Тынымов
Редактор
Евсеев Португалиядағы ATP челленджерін жеңіспен бастады
ФОТО: Instagram. Денис Евсеев

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (ATP №258) Португалияның Эшторил қаласында өтіп жатқан топырақ жабындысындағы ATP челленджер турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті.

1/16 финал сатысында Евсеев, турнирге «лаки-лузер» (сәтті жеңілген) мәртебесімен қосылып, бельгиялық Киммер Коппеянспен (№280 ATP) кездесті. Қарсылас та негізгі турнир кестесіне қосымша тізім арқылы енду. 1 сағат 24 минутқа созылған матчта қазақстандық спортшы екі сетте де жеңіске жетті.

ATP Challenger Эшторил. Топырақ жабынды. 1/16 финал

Киммер Коппеянс (Бельгия) — Денис Евсеев (Қазақстан, LL) — 2:6, 4:6

Алғашқы сетте Евсеев екі брейк жасап, есепті 4:0-ге жеткізді. Содан кейін артықшылығын сенімді сақтап, партияны жеңіспен аяқтады. Екінші сет басында Коппеянс белсенді ойнап, 3:0 есебімен алға шықты. Алайда Евсеев бір брейк жасап, есепті теңестірді. 4:4 кезінде Денис қарсыласының геймінде тағы бір брейк жасап, допты беру арқылы матчты аяқтады.

30 сәуірде қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдағы турнирде жұптық сайысты жеңіспен бастады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie