Бубликтің Нью-Йорктегі ертегісі аяқталды: Синнер мүмкіндік қалдырмады
Нью-Йорк корттарында US Open турнирінің 1/8 финалындағы матч мәресіне жетті.
Бұл кездесуде әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер мен Қазақстан атынан сынға түскен Александр Бублик (ATP рейтингінде 24-орын) жолықты.
Итальяндық теннисші фаворит мәртебесін ақтап, сенімді жеңіске қол жеткізді — 6:1, 6:1, 6:1.
Ойын бар болғаны 1 сағат 21 минутқа созылды. Бұл Бублик үшін тарихи нәтиже болды: ол бұған дейін ешқашан АҚШ Ашық чемпионатының осындай кезеңіне дейін жетпеген.
АҚШ. АҚШ ашық чемпионатаы. ATP, Хард – 1/8
Синнер – Бублик – 6:1, 6:1, 6:1
Келесі айналымда Синнер өз отандасы, әлемдік рейтингте 10-орында тұрған Лоренцо Музеттимен кездеседі. Айта кетейік, былтыр Синнер финалда америкалық Тейлор Фрицті (ATP №4) 6:3, 6:4, 7:5 есебімен жеңіп, чемпион атанған болатын.
Сонымен қатар, биылғы US Open турнирінің жүлде қоры рекордтық деңгейге жетті: жеңімпазға 5 миллион доллар табысталады.
Сондай-ақ Александр Бублик US Open турнирінде ерекше жетістікке жетті.