Александр Бублик US Open турнирінде ерекше жетістікке жетті
Қазақстандық теннисшінің мансабындағы ең үздік жыл
Теннис
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: Getty Images
Александр Бублик US Open турнирінде керемет статистика көрсетті — ол өз подачасында өткізген барлық 55 геймді жеңіп, қарсыластарына берілген 12 брейк-пойнтты сәтті қайтарды.
Осылайша, Бублик турнир барысында өз подачасында бірде-бір геймді жоғалтқан жоқ.
Келесі кезеңде ол әлемнің бірінші ракеткасы — Янник Синнермен кездеседі. Биыл олар екі рет жолыққан: «Ролан-Гаррос» ширек финалында Синнер жеңіске жетсе, жарты айдан кейін Галледе өткен шөп жабындысында Бублик қарымта қайтарды.
Бұған дейін Бублик итальяндықпен өтетін матчқа қатысты өз үміттерімен бөліскен болатын.