Бубликтің дағдарысы: ATP live-рейтингінде теннисші 3 сатыға төмендеді
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Индиан-Уэллсте сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін ATP live-рейтингінде үш сатыға төмендеді.
27 жастағы спортшы қазіргі уақытта 85-орынға жайғасып отыр. Ол 349-ракетка саналатын жапондық Ёсукэ Ватанукиге бірінші айналымда жеңілген соң, бірнеше позициясын жоғалтты.
2025 жылы Бублик 10 матч өткізіп, олардың тек екеуінде жеңіске жетті. Соңғы төрт кездесуінде қатарынан жеңіліс тапты, бұл оның рейтингтегі жағдайына қатты әсер етті.
Айта кетейік, жыл басында қазақстандық теннисші әлемнің 33-ракеткасы болған. Алайда бірқатар сәтсіз ойындардан кейін оның позициясы күрт төмендеді.
Live-рейтинг турнирлер кезінде аралық көрсеткіштерді көрсетеді, ал ATP-нің ресми рейтингі апта сайын жаңартылады.
Бұл кезде Индиан-Уэллсте Қазақстанның намысын тағы бір теннисші — Александр Шевченко қорғап жатыр. Ол 6-7 наурызға қараған түні бірінші айналымда аустралиялық Ринки Хидзикатамен кездеседі.