Бубликтің Almaty Open турнирінен бас тарту себебі белгілі болды
Барлығы жарақатқа байланысты
Теннис
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 13-19 қазан аралығында Алматыда өтетін Almaty Open турниріне қатысудан бас тартты.
ҚТФ баспасөз қызметі қазақстандық спортшының мұндай шешім қабылдау себебін жариялады.
Хабарланғандай, Бублик Ханчжоудағы финалда алған жарақатына байланысты турнирге қатыса алмайды. Бұл жарақат оған толық күшпен ойнауға мүмкіндік бермеді.
Медициналық штаб Александрға жүктемені азайтуға және жарақаттың сипаты мен қажетті оңалту шараларын анықтау үшін шұғыл тексеруден өтуге кеңес берді.
Бублик ATP рейтингінде 16-орында тұр. 3 қазанда Александр күтпеген жерден әлемнің 202-ракеткасына есе жіберіп, Шанхайдағы «Мастерс» турнирінен шығып қалды.