locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик Торонтодағы «Мастерс» турнирінен бас тартты. Қазақстанның бірінші ракеткасына не болды?

Қазақстандық теннисшінің орнын турнирдің бұрынғы чемпионы басады
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Бублик Торонтодағы «Мастерс» турнирінен бас тартты. Қазақстанның бірінші ракеткасына не болды?
ФОТО: Getty images

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 30-шы нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Канадада өтетін беделді ATP Masters 1000 санатындағы турнирге қатыспайтын болды. 26 шілдеде басталатын Торонто турнирінен Бублик ресми түрде бас тартты. Оның орнын осы жарыстың 2022 жылғы жеңімпазы, әлемнің қазіргі таңда 92-ракеткасы - испандық Пабло Карреньо-Буста басады.

Александрдың не себепті жарысқа шықпайтыны нақтыланған жоқ. Алайда бұл шешім оның Аустрияда өтіп жатқан ATP 250 Кицбюэль турниріндегі сәтті өнерімен тұспа-тұс келіп отыр. Қазір Бублик бұл жарыстың финалына дейін жетіп, 26 шілдеде француз Артюр Казомен (ATP №100) чемпиондық атақ үшін кортқа шығуы тиіс.

Бублик Торонто турнирінен бас тартқан жалғыз жұлдыз емес. Бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер, екінші нөмірі Карлос Алькарас және серб шебері Новак Джокович (ATP №6) те жарысқа қатыспайтынын мәлімдеген болатын.

Торонто Мастерс - Солтүстік Америкадағы хард корттағы маусымның басты турнирлерінің бірі және US Open додасына дайындықтың маңызды кезеңі саналады. Биыл жарыстың жүлде қоры 7,9 миллион еуро, ал финалдық матч 7 тамыз күні өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie