Александр Бублик Кицбюэльдегі ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирде жарқын өнерін жалғастыруда. Жартылай финалда ол әлемнің 103-ракеткасы, нидерландтық Ботик ван де Зандсхулпты екі сетте жеңіп, финалға жолдама алды - 6:3, 6:4.
Матчтың екінші партиясы ерекше драмалық сипат алды. Есеп 1:4 болып жатқанда Бублик жігер танытып, қатарынан бес гейм ұтып кетті.
ATP 250 Кицбюэль. Жартылай финал
Александр Бублик – Ботик ван де Зандсхулп (Нидерланды, №103) — 6:3, 6:4
Айта кетейік, ширек финалда Бублик өз отандасы Александр Шевченкомен қайта жолығып, дәл Гштаадтағыдай тағы да басым түсті.
Финалда қазақстандық теннисші әлемнің 100-ракеткасы француз Артюр Казомен кездеседі. Бұл – олардың биылғы маусымдағы екінші ойыны болмақ: бұған дейін Гштаадтағы жартылай финалда Бублик Казоны 6:1, 7:5 есебімен жеңген болатын.
Еске салсақ, бұл - Александр үшін соңғы екі апта ішіндегі екінші финал. Өткен аптада ол Швейцарияда өткен ATP 250 Гштаад турнирінің чемпионы атанды. Финалда аргентиналық Хуан-Мануэль Серундолоны тізе бүктірген еді.