\"Бұл сіздер үшін, ана мен әке\": Лернер Тьен сенсациялық жеңісін ата-анасына арнады
Әлемдік рейтингте 121-орында тұрған америкалық теннисші Лернер Тьен Australian Open-2025 турнирінің екінші кезеңінде US Open-2021 чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы Даниил Медведевті күтпеген жерден жеңгеннен кейін ата-анасына жүрекжарды сөздерін арнады, деп хабарлайды Championat.com.
Тьеннің ата-анасы Вьетнамнан шыққан, олар АҚШ-қа спортшы дүниеге келмей тұрып қоныс аударған. 19 жастағы теннисші өзінің мансабындағы бұл ең ірі жеңісін отбасына арнап, ата-анасының оның жетістіктеріне шабыт бергенін ерекше атап өтті.
- "Ата-анам қазір менің ойынымды көріп отыр ма, жоқ па, білмеймін, Калифорнияда сағат не болғанын да білмеймін… Бірақ егер әлі көріп отырсаңыздар, мен сіздерді жақсы көремін, мені әлемді шарлап жүрген сапарларымда үнемі қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын.
Мен сіздердің осында болғандарыңызды қалар едім, бірақ мен үшін сіздердің тіпті ұйықтамай, матчтарымды көруге тырысып жатқандарыңыздың өзі өте маңызды. Сіздерге көп рахмет", – деді Тьен корттағы сұхбатында.
Бұл жеңіс жас спортшының мансабындағы ең үлкен жетістік қана емес, сондай-ақ турнирдің тарихына енген оқиға болды. Ол бүкіл теннис әлемін таңғалдырды.