Australian Open-2025-тегі сенсация: Медведев күтпеген жеңілістен кейін баспасөз конференциясынан бас тартты
US Open-2021 чемпионы және әлемнің бесінші ракеткасы, ресейлік теннисші Даниил Медведев Australian Open-2025 турнирінде жеңіліс тапқаннан кейін баспасөз конференциясына қатысудан бас тартты. Championat.com сайтының хабарлауынша, журналистермен кездесу таңғы сағат 3:30-ға жоспарланған, бұл оның бас тартуына себеп болуы мүмкін.
Турнирдің екінші кезеңінде Медведев 19 жастағы америкалық Лёнер Тиннен күтпеген жерден жеңіліп қалды. Ол қазіргі таңда әлемдік рейтингте 121-орында тұр. Матч турнирдің ең тартысты кездесулерінің бірі болып, 4 сағат 53 минутқа созылды. Қорытынды есеп: 3:6, 6:7 (4:7), 7:6 (10:8), 6:1, 6:7 (7:10). Тартыс түнгі сағат үшке жуық аяқталды.
Бұл нәтиже Медведевтің 2018 жылдан бергі Australian Open-дегі ең сәтсіз көрсеткіші болды. Бұған дейін ол бұл турнирде жарқын ойындарымен көзге түскен еді, ал биылғы ерте жеңіліс жанкүйерлерді де, спортшының өзін де таң қалдырды.
Өз кезегінде Лёнер Тин мұндай мықты қарсыласты жеңу оның спорттық мансабындағы ең үлкен жетістігі екенін айтты.