Бұл нәтиже 2019 жылдан бері болған жоқ: Рыбакина соңғы бес жылдағы ең ірі жеңілісіне ұшырады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина күтпеген жерден WTA-1000 Индиан-Уэллс турнирінің төртінші айналымында 17 жастағы ресейлік Мирра Андреевамен кездесіп, ауыр жеңіліске ұшырады. Кездесу 1:6, 2:6 есебімен аяқталып, бұл оның 2019 жылдан бергі ең ірі жеңілісі болды.
Бұған дейін Рыбакина ең ірі жеңілісін 2019 жылы 15 қыркүйекте Қытайдың Наньчан қаласында өткен турнирдің финалында Ребекка Петерсонға (2:6, 0:6) қарсы матчта тіркеген еді.
Соңғы 5 жылдағы әлемнің үздік үш теннисшісінің бірі саналатын Рыбакина бұл жолы 17 жастағы қарсыласына қарсы тұра алмады. Енді Мирра Андреева турнирдің ширек финалында украиналық Элина Свитолинамен кездеседі.
Еске салсақ, 2023 жылы Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің чемпионы атанған болатын. 2024 жылы ол бұл жарысқа қатыспаған, ал турнир жеңімпазы Ига Швёнтек болды.
Осылайша, Рыбакина екі жыл бұрынғы жетістігін қайталай алмады және биылғы турнирдегі жорығы төртінші айналымда аяқталды.