«Бұл кезең мен үшін аяқталды»: Надаль тенниссіз өмірі туралы ашық айтты
Аңызға айналған испан теннисшісі Рафаэль Надаль кәсіби мансабы аяқталғаннан кейінгі өмірі жайлы ойларымен бөлісті.
«Үлкен дулыға» турнирлерінің 22 мәрте жеңімпазының айтуынша, бүгінде ол өзін бұрынғыдай кәсіби теннисшімен байланыстырмайды.
«Мен енді өзімді теннисші ретінде сезінбеймін әрі бүкіл өмірім кортпен байланысты деп ойламаймын. Бұл кезең мен үшін аяқталды. Әрине, біз бұл туралы менің мансабыма байланысты айтып отырмыз, ал тенниске қатыстының бәрі менің жадымда мәңгі қалады. Бірақ қазір мен бұл туралы үнемі ойламаймын — тек өзім матч көргім келгенде немесе академияда болғанда ғана, мұнда мен күн сайын тенниске мүлде басқа қырынан араласамын», – деп келтіреді Надальдың сөзін AS.
38 жастағы испандық соңғы ресми кездесуін 2024 жылдың қарашасында Дэвис кубогында өткізді. Сол ойында ол Нидерланд өкілі Ботик ван де Зандсхулпқа жол берген болатын.
Мансабы барысында Рафаэль Надаль ATP әлемдік рейтингінде 209 апта көш бастап, бір турнирде ең көп «Үлкен дулыға» атағын жеңіп алған рекордқа қол жеткізді: ол «Ролан Гаррос» додасын 14 рет бағындырды.
Сондай-ақ Қазақстанның бірінші ракеткасы қашан мансабын аяқтайтынын айтты.