Қазақстанның бірінші ракеткасы қашан мансабын аяқтайтынын айтты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик үлкен сұхбаттың жалғасында Sports.ru порталына спорттық мансабын аяқтау және жеке басымдықтары туралы ойларымен бөлісті.
Бубликтің айтуынша, ол корттан қашан кететінін нақты жоспарламайды:
«Мансапты аяқтау керек, бәрін жасағанда. Әрі қарай мағынасы жоғалғанын түсінгенде. Бұл сәт қашан келеді — білмеймін. ATP турнирінде аяқтағым келеді. Ойнап — бірден кету. Ешқандай салтанатсыз. Осыдан кейін екі көрме матч өткізгім келеді — Астанада және мансабымды бастаған Санкт-Петербургте».
Теннисші «бәрін жасау» деп нақты титулдарды емес, ойыннан ішкі қанағат алуды меңзейтінін атап өтті:
«Бәрі деген — теннис енді рахат әкелмейтін және мен ішкі әлемімде барлығына жеттім деп сезінген сәт. Бұл қашан болады — білмеймін. Мүмкін, ертең. Мүмкін, 10 жылдан кейін де болмайтын шығар».
Бублик мақсаттардың тізімін жасамайтынын және өз сезіміне сүйенетінін қосты:
«Қазір мен ләззат алып жатырмын, теннис ойнағым келеді, бұл маған ұнайды. Ұнамай қалса, мені енді көрмейсіздер. Бұл біржола болады. Ойымша, былай болады: матчтан шығып, айтамын: "Осы жерден бәрі аяқталды"».
Жанкүйерлердің есінде қандай қалғысы келетіні жайлы сұраққа Бублик былай деп жауап берді:
«Қандай жағдай болмасын, ләззат алған адам ретінде».