locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бейбіт Жұқаев Уимблдондағы тарихи дебютін аяқтады

Бейбіт Жұқаев Уимблдондағы тарихи дебютін аяқтады
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Бейбіт Жұқаев Уимблдондағы тарихи дебютін аяқтады
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев әлемдегі ең беделді турнирлердің бірі – Уимблдон жарысында алғаш рет негізгі торын өнер көрсетті. Өкінішке қарай, бірінші айналымда ол Италияның маңдайалды спортшысы, әлемдік рейтингте 24-орында тұрған Флавио Коболлиге жол берді. Кездесу үш сетте аяқталды: 3:6, 6:7 (5:7), 1:6. Қарсыластар алаңда 1 сағат 48 минут бойы өнер көрсетті.

Бейбіт үшін бұл матч мансабындағы маңызды белестердің бірі болды. Ол - Уимблдон турнирінің ерлер арасындағы негізгі кезеңіне жолдама алған алғашқы қазақ теннисшісі. Бұл жетістік - ел теннисі тарихындағы елеулі оқиға. Жұқаев іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, үлкен спорт аренасында еліміздің атын танытты.

Уимблдон-2025. Шөп. 1-айналым

Флавио Коболли (Италия) — Бейбіт Жұқаев (Қазақстан) — 6:3, 7:6 (7:5), 6:1

Ойын барысында Бейбіт екінші сетте лайықты қарсылық көрсетті, тіпті есепте алда болды. Алайда тәжірибесі мол Коболли тай-брейкте басым түсіп, үшінші сетте де жеңісті қолдан берген жоқ.

Айта кетейік, Уимблдон-2025 турнирінің жүлде қоры - 22 714 380 еуроны құрайды. Ойын жеңімпазы 3 510 000 еуро және 2000 ATP рейтингілік ұпайына ие болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie