locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бейбіт Жұқаев Уимблдонның негізгі кезеңіне өткен тұңғыш қазақ атанды

Жұқаев қазақ теннисінің тарихын жаңартты
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Бейбіт Жұқаев Уимблдонның негізгі кезеңіне өткен тұңғыш қазақстандық атанды
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев тарихқа енді - ол Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіне өткен ел тарихындағы алғашқы жергілікті спортшы болды.

24 жастағы Ақтау тумасы әлемнің ең беделді турнирлерінің біріне жолдама алу үшін іріктеудің үш кезеңінен сүрінбей өтті. Шешуші матчта Жұқаев франциялық теннисші Лука Павловичті 3:6, 6:3, 6:2, 7:6 есебімен тізе бүктіріп, өзінің мансабындағы ең ірі жетістіктердің біріне қол жеткізді.

Осыған дейін Жұқаев «Үлкен Дулыға» турнирлерінің бірде-бірінде негізгі кезеңге шыға алмаған еді. Уимблдондағы бұл жетістік – оның жаңа белесі мен халықаралық ареналардағы беделін арттырудағы маңызды қадам.

2025 жылғы Уимблдон турнирінде Қазақстан атынан негізгі кезеңге тағы бірнеше спортшы қатысады: Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Александр Шевченко және Анна Данилина. Жеребе тарту рәсімі 27 маусым күні өтеді. Турнирдің өзі 30 маусым мен 13 шілде аралығында Лондонда өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie