locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина Australian Open 2025 бірінші айналымдағы қарсыласын анықтады

Елена Рыбакина Australian Open 2025 бірінші айналымдағы қарсыласын анықтады
ФОТО: gettyimages.com

Мельбурн қаласында 2025 жылғы Австралия ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жекелей разряды бойынша жеребе тарту рәсімі өтті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина, турнирде алтыншы нөмірмен қатысу құқығына ие болып, Australian Open додасындағы алғашқы кездесуін 16 жастағы австралиялық теннисші Эмерсон Джонспен өткізеді. Әлемдік рейтингте 371-орында тұрған жас спортшы AO-2025 турниріне wild-card арқылы қатысу мүмкіндігін алды. Бұл кездесу қос теннисшінің корттағы алғашқы тартысы болмақ.

Australian Open-2025 негізгі кезеңі 12-26 қаңтар аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы жекелей разрядтың қазіргі чемпионы беларусьтық Арина Соболенко.

Өткен жылғы Австралия ашық чемпионатында Елена Рыбакина күтпеген жерден ресейлік Анна Блинковаға есе жіберіп, жарысты екінші айналымда аяқтағанын еске сала кетейік.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie