locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық жас теннисші Швеция королі кубогын жеңіп алды

Теннис
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Қазақстандық жас теннисші Швеция королі кубогын жеңіп алды
Фото: gettyimages

Қазақстандық теннисші Ахмади Мақанов Швеция астанасы Стокгольмде өткен 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Tennis Europe 14&U Kungens Kanna & Drottningens Pris турнирінде чемпион атанды.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ахмади Мақанов ширек финалда Tennis Europe рейтингінде 2-орында тұрған грекиялық Рафаэль Пагонисті 6:4, 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына шыққан.

Жартылай финалда отандасымыз рейтингте 4-орында тұрған украиналық Юрий Столяровты 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Ал, финалда француз Самуэль Дакансені 6:2, 6:7, 6:3 есебімен жеңіп, Швеция королінің кубогын жеңіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін 2015 жылы тағы бір жерлесіміз, Тимофей Скатов дәл осы турнирде жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз: Жаңартылған WTA рейтингі: Рыбакина орнын сақтады, Путинцева топ-20-да

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie