Жаңартылған WTA рейтингі: Рыбакина орнын сақтады, Путинцева топ-20-да
Теннис
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) 3 наурызда жаңартылған рейтингті жариялады. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жетінші орнын сақтап қалды, ал Юлия Путинцева екі сатыға көтеріліп, 20-орынға шықты.
Жұптық сайыста Анна Данилина бір саты алға жылжып, 17-орынды иеленді. Жібек Құламбаева (322) мен Зарина Дияс (333) өз позицияларын жақсартты.
Рейтингте Соня Жиенбаева (638), Сандуғаш Кенжебаева (899), Аружан Сағандыкова (927) және Гозаль Айнитдинова (1073) да өзгерістерге ұшырады.
Әлемдік рейтингтің көшбасшысы – Беларусь өкілі Арина Соболенко (9 076 ұпай). Одан кейінгі орындарда польшалық Ига Швёнтек (7 985) пен америкалық Кори Гауфф (6 333) тұр.