locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тағы да тұрақсыздық па? Бубликке «үлкен жеңістерге деген құлшыныс жоқ» деп сын айтылды

Журналист Ляхов Уимблдондағы күтпеген жеңілістен кейін қазақстандық теннисшінің бабына көңілі толмады
Теннис
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Тағы да тұрақсыздық па? Бубликке «үлкен жеңістерге деген құлшыныс жоқ» деп сын айтылды
ФОТО: Getty Images

Sports24.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында белгілі спорт шолушысы Александр Ляхов 2025 жылғы Уимблдон турнирінде Александр Бубликтің өнеріне қатысты пікір білдірді. Журналистің айтуынша, Галледегі жарқын жеңістерге қарамастан, қазақстандық спортшы тағы да тұрақсыз ойынына оралып, әлемдік элитаға енуге мүмкіндік бермейтін баяғы болмысына қайта айналған.

«Ролан Гаррос пен, әсіресе, Галледегі Синнер (№1), Томаш Махач (№23), Карен Хачанов (№22) және Даниил Медведевті (№11) жеңгеннен кейін Сашада ақыры үлкен жеңістерге деген құлшыныс пайда болды деп ойладық, Топ-10-ға кіруді мақсат еткен шығар деп үміттендік. Бұл оған дарыны мен қабілетіне қарай қол жетімді еді. Бірақ жоқ: оның ішкі «жындары» әлі де жоғалмаған, әрбір матч – бұл оның қандай көңіл-күймен шығатынын, қандай ойын көрсететінін болжау. Испандық Мунар – мықты ойыншы, бірақ Саша оны жеңе алатын еді», – деді Ляхов.

Айта кетейік, 2025 жылдың маусымында Бублик Галледе өткен турнирде айқын жеңіске жетіп, ATP рейтингінің көшбасшысы Янник Синнерді жарыс жолынан шығарған болатын. Алайда Уимблдон-2025 турнирінде ол тағы да үмітті ақтамады — испандық Хауме Муньярдан бірінші айналымда жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.

Бублик және Шевченко Гштаадтағы турнирде бақ сынайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie