locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық теннисші қарсыластарын талқандап, АҚШ-та финалға шықты

Анна Данилина финалға шықты: Кливлендтегі жеңісті қадам
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстандық теннисші қарсыластарын талқандап, АҚШ-та финалға шықты
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тағы жарқын өнерін жалғастыруда. Сербиялық Александра Круничпен жұптасып, ол WTA-250 санатындағы Кливленд турнирінің жұптық сынында сенімді түрде финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич чехиялық жұп Анастасия Децюк пен Мириам Шкохты айқын басымдықпен ұтты – 6:2, 6:4. Бар болғаны 1 сағат 19 минутқа созылған матчта қазақстандық- сербиялық дуэт қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмады.

WTA 250. Кливленд (АҚШ). Жұптық сын, жартылай финал
Анна Данилина (Қазақстан)/Александра Крунич (Сербия) — Децюк / Шкох (Чехия) — 6:2, 6:4

Айта кетейік, Анна үшін ширек финал оңай болмаған еді: сол кезде Данилина мен Крунич америкалық Кармен және Ивананы тартысты кездесуде жеңді.

Енді шешуші финалда Анна мен Александра тәжірибелі жұпқа қарсы тұрады: оларды Тайвань өкілі Чжань Хаоцин мен қытайлық Синью Янь күтіп тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie